Ссылки доступа

Душанбе мен Бішкек қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр


Душанбеде Париждегі терактіден кейін қауіпсіздік шарасы күшейді деп хабарлайды Азаттықтың тәжік қызметі.

Қауіпсіздік органдары адам көп жүретін қоғамдық орындарда бақылауды және Душанбеге баратын бекеттерді де күшейткен.

Тәжікстан парламенті терроризммен күрес жөніндегі заңға түзетулер енгізу жөніндегі заң жобасын қарауға көшті. Онда арнайы операция кезінде жергілікті аймақта телефон мен интернет байланысын өшіру мүмкіндігі қаралған. Сонымен бірге телефонға сим-карта сатып алған кезде, тек ғана төлқұжатыңның көшірмесін ғана емес, саусақтарыңның іздерін де алады.

Қырғызстанның күш құрылымдары ірі сауда орындары, стратегиялық аймақтар мен қоғамдық нысандарда қауіпсіздік шараларын барынша күшейткен. Бұл жөнінде үкімет басшысы Темір Сариевтің өзі шұғыл тапсырма берген.

Қазақстанда Астана әуежайында да қауіпсіздік шараларын күшейткен. Бұл Парижде 13 қарашада болған терактімен байланысты. Онда 132 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жараланған. Терактіге жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» қозғалысы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG