Ссылки доступа

Чехия президенті мұсылмандарға қарсы митингке қатысты (Видео)


Чехия президенті Милош Земан «Исламға қарсы блок» тобының ұйымдастырған митингісіне қатысты. Митинг 17 қарашада Коммунистік режимді құлатқан Бархыт революциясының 26 жылдығы күнінде өтті.

Земан көпшілік алдында сөз сөйлеп, акцияны өтізіп жатқан исламға қарсы топтың экстремистік топқа жатпайтынын айтты. Ол иммигранттарға қарсы пікірін айтып, оларды «өлтірушілер мен дінді жеккөрушілер мәдениетіне жататындар» деді.

Митинг 1 989 жылы Коммунистік режимге қарсы революция басталған университет қалашығында өтті. Митингке қатысушылар Прагада Париж оқиғасының қайталанғанын қаламайтындықтарын білдірді.

Czech President Warns Against 'Culture Of Murderers' At Anti-Islam Protest
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:49 0:00

XS
SM
MD
LG