Ссылки доступа

Обама Ресейден назарды ИМ-ға бұруға шақырды


АҚШ президенті Барак Обама сәрсенбі күні Ресейді бар назарын Сирия үкіметімен бірге "Ислам мемлекеті" (ИМ) террористік ұйымына қарсы күресуге бұруға шақырды.

АҚШ президентінің сөзінше, ол бұл мәселені Ресей президенті Владимир Путинмен талқыламақ.

Президент Обама бұл мәлімдемесін Маниладе Филиппин президентімен кездесуі кезінде айтты. АҚШ президенті сонымен бірге мигранттарды тексеруде тиімді жүйе қабылданбайынша, сириялық босқындарды қабылдамауға шақырған америкалық саясаткерлерді сынға алды.

Барак Обама мұндай мәлімдемені "истерия жасау және қауіп-қатерді әсірелеу" деп атады. "Мұны тоқтату керек, себебі бізге әлем қарап отыр", — деп атап өтті АҚШ президенті. Ол өзінің келесі жылы АҚШ 10 мыңға дейін босқындарды қабылдайды деген ұсынысын қорғай отырып, АҚШ-қа жіберілген әрбір босқынды тексеру үшін бір жылдан екі жылға дейін уақыт кететінін айтты.

XS
SM
MD
LG