Ссылки доступа

Назарбаев мемлекеттік қызмет жөніндегі заң жобасына вето қойды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекеттік қызмет жөніндегі» заң жобасына вето қойды.

Астанада үкімет мүшелерімен өткізген кездесуде Назарбаев заң жобасын парламентке қайтаратынын айтып, оған өзінің енгізген толықтыруларын қарауды сұрады.

«Мемлекеттік қызметкерлердің зейнетақы жасына келгеннен кейін зейнетке шығатынын нақты көрсету керек. 25 жыл бәрін ұстадық, енді жетер, олар кетулері керек. Өтініш жасадық, кетулері тиіс, қазір ешкім кеткілері келмейді», — деді Назарбаев. Алайда ол нақты қай шенеунікті меңзегенін айтпады.

«Мемлекеттік қызмет жөніндегі» заң жобасы парламентте 22 қазанда қабылданған. Онда әкімшілік мемлекеттік қызметке іріктеуде жаңа жүйе қарастырылған. Әкімшілік мемлекеттік қызметке ұсыныс білдіргендер міндетті түрде тестен өту қарастырылған. Заң жобасына сәйкес, сынақтан өткен азаматтар конкурсқа жіберіледі.

XS
SM
MD
LG