Ссылки доступа

Парижде терактіге қатысы болды деген үш күдіктіні ұстады


Ұстау кезінде үш жендет өзін жарып жіберген.

Париждің солтүстігінің Сен-Дени ауылында 13 қарашада болған терактіге қатысы бар деген үш күдіктіні ұстаған. Тағы бір үшеуі өздерін жарып жіберген деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі. Үш полиция оларды қолға түсіру барысында жараланған.

Бүгін таңертең полиция террористер болуы мүмкін деген үйді қоршауға алған. Әртүрлі мәлімет бойынша, ол жерде біреуден үш адамға дейін жасырынған. Ауданда атыс пен жарылыстың дауыстары естілген. Кварталды полиция тікұшағы айналып ұшып жүр деп хабарлайды франсуз ақпарат құралдары. Рейдтің мақсаты 13 қарашадағы Парижде болған терактіні ұйымдастырды деген Әбділхамид Абаудты ұстау болған.

13 қарашада, жұма күні Париждің әр ауданында бір уақытта бірнеше террористік акті орын алды. Жүзден астам адам қаза тауып, 300-ден астам адам жараланды. Терактіні «Ислам» мемлекеті тобы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG