Ссылки доступа

Қырғызстанда бүгін таңертең жер сілкінісі болды


​Қырғызстанда бүгін 18 қарашада сағат 11:26 шамасында жер сілкінісі болды деп хабарлайды Сейсмология институты. Жер асты дүмпуінің магнитудасы 4 балл болған.

Жер сілкінісінің ошағы — Ош облысының аумағы. Алдын ала мәліметтер бойынша, құрбан болғандар мен қираған нысандар жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, 17 қарашада жергілікті уақытпен23:29 шамасында Ош облысының Кара-Суй ауданы, Ийрек ауылынан 10 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болған. Жер асты дүмпуінің күші 7 балл болған.

XS
SM
MD
LG