Ссылки доступа

Тәжікстан халықаралық грантсыз қалмақшы


Халықаралық қаржы институттары Тәжікстанды қаржылық жағдайы орташа елдер қатарына кіргізді.

Сол себептен мемлекет енді халықаралық гранттарға үміттене алмайды. Осылай деп 18 қарашада парламентте келер жылдың бюджетін талқылауға келген Тәжікстанның қаржы министрі Абдусалом Курбониён мәлімдеді. Оның сөзінше, мемлекет келесі жылы 216 млн доллар, 2017 жылы 271 млн доллар және 2018 жылы 104 млн доллар қарыз алуды жоспарлап отыр. Министр бұл несиелер 15-40 жылға жеңілдікпен жылына 0,15%-2% пайызбен берілетінін айтты.

Тәжікстанның 2016 жылға арналған жылдық бюджетінің жалпы көлемі 18 млрд 300 млн сомони көлемінде парламент тарапынан қабылданды.

XS
SM
MD
LG