Бұл жөнінде «Россия 24» телеканалынан экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев мәлімдеді. Ол мұны Украинаның Ресейге қарсы экономикалық және қаржы санкциясына қосылуына қатысты жауабы деп атады.
16 қыркүйекте Украина президенті Петр Порошенко Ресейдің 388 жеке тұлғасына және 105 заңды тұлғасына қарсы санкция салу жөнінде бұйрық шығарған. Оның ішінде ресейлік банк, әуе компаниялары, әскери-өндірістік комплекстер бар.