Көтерілісшілердің шығаратын Dabiq журналы 18 қарашада өлтірілген екі тұтқынның денесін жариялады. Олар Оле Йохан Гримсгорд-Офстад және Фан Цзинхуэй делінген. Оларды қалай, қай жерде, қашан өлтіргендері жөнінде еш мәлімет жоқ. Бірақ олар жариялаған суреттерге қарағанда, олар қаза болған.
Норвегияның премьер-министрі бұл оқиғаны "сұмпайылық, варварлық әрекет" деді. Қытай СІМ "террористік ұйым істері ешқандай адами әрекетке сай келмейді, олар адамгершіліктің ең төменгі сатысында" деп мәлімдеді.
Алдын содырлар шығаратын Dabiq журналының қыркүйектегі санында норвегиялық және қытайлық екі азамат "сатылады" деп жарнама жасаған.