Ссылки доступа

Асад биліктен екі жылдан кейін ИМ-ді жеңгеннен соң кетуім мүмкін деп мәлімдеді


Сирия президенті Башар Асад Ислам мемлекеті экстремистік тобын жеңбейінше, биліктен кете алмайтынын мәлімдеді деп хабарлайды lenta.ru.

Өтпелі кезеңнің уақыты террористерді жеңгенше 1,5-2 жылға созылуы мүмкіндігін айтқан. Соған қарамастан ол президенттік сайлауға қатысу мүмкіндігін де жариялады.

«Бұл мәселеде ешқандай тыйым салынатын қызыл сызық жоқ деп ойлаймын. Егер мен тағы да Сирия президенті болып сайланатын болсам, оларды жарқын болашақ күтіп тұр»,- деді Асад.

Қазан айының басында Сирия президенті егер менің кетуімнен дағдарыс шешілетін болса, отставканы созбайтын едім деп мәлімдеген болатын.

XS
SM
MD
LG