Бұл туралы бүгін сенатта 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырған ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев хабарлады.
18 қарашада ұлттық банктің жаңа төрағасы Данияр Ақышев 2015 жылдың қорытындысы бойынша елде инфляция шегі болжанған 6-8 пайыздан асып кетуі мүмкін екенін мәлімдеген.
Ресми мәлімет бойынша, биыл қазан айында инфляция деңгейі 2014 жылдың қазанымен салыстырғанда 5,2 пайыз, 2015 жылдың қаңтарымен салыстырғанда – 8,2, ал жылдық шекте – 9,4 пайыз болған.