Ссылки доступа

Тәжікстанда ресейлік 201-әскери базасы мекен-жайын ауыстырған


Соңғы келген ақпаратқа сәйкес, Тәжікстан аумағында орналасқан ресейлік 201- әскери базасы Кулябтан Ляур полигонына ауысқан. Бұл Душанбеден алыс емес, Рудаки ауданының маңында.

Әскери база қызметкерінің бірі 19 қарашада Озоди радиосына (Азаттық радиосының тәжік қызметі) Кулябтан барлық әскери техникаларын шығарғанын хабарлады. Ақпарат көзінің айтуынша, Кулябқа қарайтын барлық мектеп, балабақша жабық.

Құрамында мыңға жуық сарбаз және офицері бар Кулябтағы 201- әскери базасы 40 гектар жерді алып жатқан.

Ал «Азия-Плюс» ақпарат агенттігі Куляб тұрғындарына таратқан ескерту қағазын жариялады. Онда әскери базаның мекен-жайы екі айдың ішінде ауыстырылатындығы ескертілген.

XS
SM
MD
LG