Ссылки доступа

Өзбекстанда әйел өзінің туған екі баласын пышақтаған


Өзбекстанның Хорезм облысы Гойбу ауылында тұратын 30 жастағы әйел Дильфуза Худойберганова өзінің туған екі баласын пышақтаған деп хабарлайды «Озодлик» радиосы (Азаттықтың озбек қызметі).

7 жастағы қызы Шахло алған жарақаттан бірден қайтыс болған, 10 жастағы ұлы Бозорбой ауыр халде ауруханада жатыр.

Тергеу ісі барысында әйел мұндай қадамға өмірдің қиындығынан барғанын айтқан.

Худойберганова ауыл мектебінде еден жуушы болып істеген. Ал күйеуі сол мектептің күзетшісі болған.

Мектепдің әкімдігі күйеуі мен әйелі еңбекақыларын уақытында алып тұрғанын, ешбір қиындық көрмегенін, әйелден психологиялық проблемалар байқалмағанын айтқан.

XS
SM
MD
LG