Ссылки доступа

Бішкекте белгісіз біреулер милиционерді атқан


Бішкектің 8-ықшам ауданында белгісіз біреулер участкелік инспекторды атқан. Бұл жөнінде Азаттықтың қырғыз қызметіне куәгер хабарлады.

Ол бірнеше рет атылған оқтың дауысын естіген соң, жүгіріп далаға шықса, жерде жатқан милиционерді көрген. Бірнеше уақыттан кейін милиция қызметкерлері оқиға орнына жүгіріп келген.

Құқық қорғау органдары қылмыскердің қолынан кіші лейтенант Актилек Абдувалиевтің мерт болғанын хабарлады. Бүгінде не үшін өлтіргені жөнінде жан-жақты тергеліп жатыр, милицияға шабуыл жасағандарды іздестіріп жатыр делінген ақпарат таратылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Абдувалиев екі ер адамды құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан. Олар қарсылық білдіріп, әлі анықталмаған тапаншамен бірнеше рет атқан. Бұған дейін участкелік инспектор әріптестерін көмекке шақырып үлгерген.

XS
SM
MD
LG