Ссылки доступа

Қытайлық БАҚ 28 «террористің» көзі жойылды деген ақпарат таратты


Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдары полицияның көмір шахтасына шабуыл жасады деген 29 «террористің» 28-інің көзі жойылды деген ақпарат таратты.

Оқиға Қытайдың батыс провинциясы Синьцзянда болған. Ол жерде этникалық ұйғырлар тұрады. Синьцзян әкімдігінің веб-порталында 20 қарашада күдіктілер шахтаға жасаған шабуылды ұйымдастырушыларды іздеу операциясының 56-күнінде өлтірілді деген ақпарат жарияланды. Шахтада болған шабуылдан 11 азаматтық тұлға мен бес полиция өкілі қайтыс болған.

Бұл шахтада болған шабуылды растаған бірінші ресми ақпарат болды. Осының алдында теракті жөнінде бірінші болып «Азат Азия» радиосы хабарлаған.

«56 күнге созылған үздіксіз күресте Синьцзянда террористік топ жойылды деп хабарлады Xinjiang Daily үкіметтік газеті. Онда экстремистік топтың екі жетекшісінің де өлтірілгені айтылады. Газеттің жазуынша, екеуі де ұйғыр ұлтының өкілі болған.

XS
SM
MD
LG