Бұл жөнінде Азаттықтың қырғыз қызметі жазаны орындау мемлекеттік қызметінің (ЖОМҚ) таратқан ақпаратына сүйене отырып хабарлайды.
Имаш Тельтаевтың денесі бүгін таңертең медициналық санитарлық бөлімде табылған. Оны онда денсаулығына байланысты өтінішінен кейін ауыстырған дейді ресми ақпаратта.
Имаш Телтаев Шу облысы тергеу абақтысынан сотталушылар қашқаннан кейін, бірден қызметінен алынған болатын.