Ссылки доступа

Тәжікстанда «генерал Дустумды» өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты


Душанбе қаласының Исмоили Сомони аудандық соты әділет министрлігінің инспекторы болған, әріптестерінің ортасында «генерал Дустум» атпен белгілі Джурабек Дустовты өлтірген Тәжікстанның үш азаматына үкім шығарды. Айыпталушының екеуін төрт жылға бас бостандығынан айырса, біреуіне үш жарым жыл кесті.

46 жастағы Дустов 23 жыл бойында Тәжікстанның түрме мекемелерінде қызмет істеді. Ол үстіміздегі жылдың мамыр айында жоғалып кеткен. 21 күн іздеуден соң, оның денесі Лучоб өзенінен табылған. Тергеу нәтижесі бойынша, араққа мас болған үш адам оны өлтіріп, өзенге лақтырып жіберген.

XS
SM
MD
LG