Ссылки доступа

Путин мен Хаменеи Сирияға қатысты ұстанымдарының ортақ екенін атап өтті


Ресей президенті Владимир Путин Тегеранда Иранның жоғарғы лидері аятолла Али Хаменеимен кездесті.

23 қарашада болған кездесу барысы жайында Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу мен Тегеран "Сириядағы саяси реттеу сценарийін ұсынып, әмір жүргізгісі келетін сыртқы күштерге қарсы" деп мәлімдеді.

Ресей мен Иран Сирияда 2012 жылдан бері жалғасып келе жатқан азаматтық соғыста сол елдің президенті Башар Асадтың басты жақтастары болып келеді. Батыс эксперттерінің бағасы бойынша, Ресей Сириядағы әуе соққысы кезінде "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының көтерілісшілеріне ғана емес, америкалық инструкторлардан тәлім алып жүрген сириялық оппозицияға қарсы бомба лақтырып келеді.

Аятолла Әли Хаменеимен кездесу барысында Путин оған Құранның ескі қолжазбасын сыйға тартқан. Путин 2007 жылғы газ экспорттаушы елдер Форумынан кейін бірінші рет Тегеранға ресми сапармен барды.

XS
SM
MD
LG