Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс тобы интернет арқылы сатып алушыларға баж салығын төлейтін екі жоба әзірледі. Біріншісі 22 еуродан арзан және 1 кг-дан төмен болатын заттарды кеден төлемінен алып тастау көзделсе, 22- 150 еуро болатын әрі 10 кг-ға дейінгі тауарға 15 еуро, 10 кг-дан жоғары тауарға әр кг-ға 4 еуро төлеу қарастырылған.
Екінші жоба бойынша, 150 еуродан төмен тұратын тауарға 10 еуро, ал бұдан жоғары көрсеткіштегі тауарларға кеден бағасынан 30 пайыз төлеу қарастырылған. Жұмыс тобы қай жобаны қабылдайтындықтары жөнінде әлі бір шешімге келген жоқ. Егер интернет арқылы сатып алушыларға баж салығы қарастырылса, онда бұл тек Қырғызстанға ғана емес, Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін барлық елдерге де қатысты болмақ.