Ол сонымен бірге өзіне қатысты және қырым татарлары халқы мәжілісінің лидері Рефат Чубаровқа қатысты тыйымдарды алып тастап, адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдарды Қырымға кіргізуге шақырды.
Олай болмаған жағдайда, Джемиловтің сөзінше, Қырымды қоршау акциясына қатысушылар электр энергияны қалпына келтіруге кепілдік бермейді.
Анекцияланған Қырымның бір жарым миллион халқы Украина электр энергиясын жеткізетін екі сымды үзіп тастағалы бері жарықсыз қалды.