Ссылки доступа

Обама мен Олланд Су-24 әскери ұшағының құлауы жағдайды ушықтыруы мүмкін деп ескертті


АҚШ және Франция президенттері Барак Обама мен Франсуа Олланд Түркияның түрік-сирия шекарасында ресейлік Су-24 әскери ұшақты құлатып түсіруіне байланысты жағдайдың ушығуы мүмкіндігін ескертті.

"Түркия әрбір мемлекет секілді өзінің аумағын және әуе кеңістігін қорғауға құқығы бар"- деп мәлімдеді Барак Обама 24 қарашада Ақ үйде Франсуа Олландпен бірге өткізген баспасөз мәслихатында.

"Қазір ресейлік тарап болсын, түркиялық болсын бір-бірлерімен келіссөз жүргізіп, мән-жайды анықтап, жағдай ушығып кетпеу үшін шара қолданулары қажет", - деді Обама. Ал франсуз президенті өз кезегінде "Біз жағдайдың өршуіне жол бермеуіміз керек, бұл бүлдіруші күш", - деп атап өтті.

АҚШ президенті Барак Обама АҚШ пен Франция терроризммен күресте "тұтас" екенін мәлімдеп,"Ислам мемлекеті" (ИМ) және оның идеологиясы "барлығымызға қауіп төндіреді" деді.

Олланд болса террористердің Еуропаға кіруін алдын алу үшін Түркия мен Сирия арасындағы шекараны тез арада жабу керектігін айтты. Ол сонымен бірге Обамен ИМ-ға қарсы Сирия мен Иракка жойқын соққы беруді үдетуге келіскендерін жеткізді.

XS
SM
MD
LG