Ссылки доступа

РФ Қорғаныс министрлігі: Су-24 ұшағын түрік зымыран жойғышы атып түсірді


Ресейдің қорғаныс министрлігі ресейлік Су-24 әскери ұшағы Сирияның Хмеймим әуе базасына оралып жатқан тұста түркиялық F-16 зымыраны арқылы атып түсірілді деп мәлімдеді.

"Бұл Сирияның аспанында болды, түркиялық әуе кеңістігін бұзған жоқ" деген ұстанымда әскери мекеме.

Түркияның бас штабы болса, әуе кеңістікті бұзған ресейлік ұшаққа бірнеше рет ескерту жасалған соң, бірақ ол ескертуге құлақ аспаған соң барып атып түсірілді деп мәлімдеді. Премьер-Түркия министрі Ахмет Дәуітұлы бұл жағдайда елдің қорғануға құқығы бар екенін айтты.

Ресей президенті Владимир Путин болса ресейлік ұшақтың атып түсірілуін "арқадан ұрылған соққы" деп атады. Ресей СІМ Сергей Лавров болса Стамбулға жоспарланған сапарынан бас тартты.

XS
SM
MD
LG