24 қарашада Ош қаласының прокурорының сөзінше, Камоловтың жаза мерзімі облыстық прокурордың сұрауымен қайта қаралған. 7 қазанда Ош аудандық соты Камоловты діни араздықты туғызып, экстремистік пиғылдағы материалдарды таратқаны үшін айыпты деп санап, бес жылға түрме жазасына кескен болатын.
Облыстық прокурор бұл жазаны жеңіл деп санап, сот шешіміне қарсы шағым берген еді.
37 жастағы этникалық өзбек Рашод Кори Камолов Ош облысындағы «Ас-Сарахси» мешітінің имамы болған. Камолов үстіміздегі жылдың ақпан айында тұтқындалған болатын. Алайда ол өзіне тағылған айыпты мойындамаған.