Өзбекстан СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ашхабаттағы жиынға Өзбекстан делегациясы да қатысқан. Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Жапония сыртқы істер вице-министрлері келген.
Тараптар ауыл шаруашылығы, көлік және логистика саласы бойынша ынтымақтастық орнатып, аталған салаларға жапон технологиясын енгізуге арналған жобаларды талқылаған.
«Орталық Азия + Жапония» диалогының келесі отырысы 2016 жылы Токиода өтетін болып шешілген.