Ссылки доступа

Франциядағы Ресей елшісі: Апатқа ұшыраған Су-24 ұшағының екінші ұшқышы аман қалды


Апатқа ұшыраған Су-24 ұшағының екінші ұшқышын сириялық әскерлер құтқарып қалған. Бұл жөнінде Франциядағы Ресей елшісі Александр Орлов Europe 1 франсуз радиосына берген сұхбатында айтты.

Алдын ресейлік ұшқышты құтқару жөніндегі ақпаратты Al Mayadeen («Аль-Маядин») ливандық канал берген болатын.

Каналдың хабарлауы бойынша, ұшқышты іздестіру алты сағатқа созылған. Осыдан кейін сириялық әскерлер екі сағат көлемінде оны көтерілісшілердің аумағынан шығарып алған.

Сонымен бірге Су-24 ұшағы құлаған жерден іздестіру операциясы жүріп жатқан аймақта ресейлік Ми-8 тікұшағының құлағанын, онда теңіз жауынгерінің қайтыс болғаны хабарланған.

Ресейлік Су-24 ұшағы 24 қарашада түрік-сирия шекарасында түрік жойғыштары тарапынан атып түсірілген.

XS
SM
MD
LG