Ссылки доступа

Қазақстанның бұрынғы премьері өзіне тағылған айыпты жоққа шығарады


Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі қызметтік жағдайын асыра пайдаланып, экономикалық қылмыстар жасады деп айыпталып отырған Серік Ахметов өзіне тағылған айыптардың бәрін жоққа шығарады.

Ол оның ағасы директор болып саналатын, ұлы құрылтайшыларының бірі болып табылатын компанияның мүддесін қорғаған жоқпын дейді. Ол компания қолдаусыз да жетістікке жеткен кәсіпорын болатын деп санайды. Ахметов айыптау ісінде айтылғандай оның туыстары 2012 жылға дейін құрылтайшыларының бірі болған емес дейді.

Ол сонымен бірге Қарағандыдағы көлік- логистикалық комплекстің құрылысымен қандай да бір байланысы болғанын жоққа шығарады.

Тергеу ісінде бұл эпизод бойынша, кәріз-тазалау жүйесінің құрылысы арқылы Ахметов бюджет қаржысын ұрлаған делінген. Бұрынғы премьер бұл эпизодқа өзінің ешқандай қатысы жоқ екенін айтады.

Ахметовтің адвокаттары және айыпталушылар жарыссөзге дайындалу үшін 3 желтоқсанға дейін уақыт беруін сұрады.

XS
SM
MD
LG