Ссылки доступа

Тәжікстанда бизнес өкілдерінің саны азайған


Тәжікстанның статистика жөніндегі агенттігі үстіміздегі жылдың алғашқы тоғыз айында заңды бизнестен 20 мыңға жуық кәсіпкердің кеткенін хабарлайды.

Патенттері мен сертификаттарын өткізген кәсіпкерлердің қандай салада кәсіптерін жалғастырып жатқандықтары белгісіз.

Кейбір кәсіпкерлер бұл үрдісті ұлттық валютаның құнсыздануымен байланыстырады. Банк несиелерінің пайыздық мөлшерінің өскені мен салықты қатайту да кәсіпкерлікке соққы болған. Үстіміздегі аптаның басында бір доллардың бағасы 7 сомониға өскен.

Кәсіпкерлер сонымен бірге кедендік баж салығының артқанын, жалдау мен салық төлемдерінің өскенін және сатып алушылар санының азайғанын айтып шағымданады.

Бірақ соған қарамастан бүкіләлемдік банк соңғы жылдары Тәжікстанда Орталық Азия және ТМД-ның өзге елдерімен салыстырғанда «Бизнес жүргізу-2015» рейтингісінің өскенін айтады.

XS
SM
MD
LG