Ссылки доступа

ЕҚЫҰ Қазақстанның ақпарат алу туралы заңында кемшіліктер бар деді


Дуня Миятович Қазақстан жақында қабылдаған ақпаратқа қол жетімділік туралы жаңа заңға баға берді.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Дуня Миятович Қазақстан жақында қабылдаған ақпаратқа қол жетімділік туралы жаңа заңға «біраз жетілген, бірақ әлі де кемшіліктері бар» деген баға берді.

25 қарашада таратқан мәлімдемесінде Миятович қыркүйекте күшіне енген заң бойынша ақпаратқа қол жету құқығының заң жүзінде бекітілгенін құптады. Ол бұған қоса заңның мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке меншік секторды түгел қамтитынын, сонымен бірге ақпаратты сұрату мен оны беру ережелерінің нақтыланғанын да жетістікке балаған.

Бірақ Миятович заңның кейбір ережелері «екіұшты, түсініксіз және аясы тар болғандықтан» жалпы заңның тиімділігіне кері әсер етеді деп санайды. Ол заңның кемшіліктері ретінде жиындарға қатысуды реттеу нормаларын, басқа заңдарда ақпаратқа қол жетімділікті шектеу барын, шағымдарды қарайтын тәуелсіз қадағалайтын органның жоғын мысалға келтірген.

Дуня Миятович аталған кемшіліктерге байланысты қолданыстағы заңға түзетулер енгізілетінінен үмітті екенін және ЕҚЫҰ оған көмектесуге әзір екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG