Ссылки доступа

Алты миллионыншы қырғызстандық Ош қаласында дүниеге келді. Бұл — қыз


Алты миллионыншы қырғызстандық қыз бала Ош қаласында тұратын әскери қызметкер Алмаз Кожошевтің отбасында дүниеге келді.

Сәбидің анасы — Рахат Белекова өзін жақсы сезінеді. Нәрестенің салмағы — 3 килограмм 870 грамм. Бұл жөнінде премьер-министр Темир Сариев президент Алмазбек Атамбаевпен кездесу кезінде айтты.

Атамбаев жаңа туған сәбидің ата-анасын құттықтап, бөпелеріне ұзақ ғұмыр, бақытты өмір тіледі. Президент алты миллионыншы азаматтың дүниеге келуі Қырғызстан халқы үшін қуанышты оқиға деп атап өтті.

Мемлекет басшысы алты миллионыншы қырғызстандықтың отбасын жеке баспанамен қамтамасыз етуін тапсырды. Атамбаев сонымен бірге кішкентай бөбектің атына 1 миллион сомға депозит ашуға және онымен бірдей уақытта туған он сәбидің ата-анасына 100 мың сомнан материалдық көмек беруді бұйырды.

XS
SM
MD
LG