"Олар үшін кімді өлтіру маңызды емес – тәжік анасы ма, әлде жаңа туған сәбиді ме. Қысқа мерзімде олар Тәжікстанды Сирияға, Иракка, Йеменге және Ауғанстанға айналдырып жібереді" – делінген пәтуада.
Имам, теологтардан тұратын Улемдер кеңесі Париждегі терактіні "Салафизм" ағымының іс-әрекетінің нәтижесі деп санайды.
Салафизм Тәжікстанда бірнеше жыл бұрын, ислам елдерінде медреседе оқып келген түлектердің оралуынан кейін пайда болған. Олар киім үлгісімен, намаздың ортасында "Әумин" деген сөзді қаттырақ айтуымен және зират басындағы ескерткіш тастарды бұзуға шақырған үндеулерімен ерекшеленеді. Бұл Тәжікстан үкіметінің ислам елдерінде оқып жүрген студенттерді елге қайтаруына себеп болған. Өткен жылы Тәжікстанның Жоғарғы соты салафизм ағымын "экстремистік" деп таныған.