Ссылки доступа

Тәжікстан СІМ ресейлік ұшақтың атып түсірілгеніне байланысты көңіл айтты


Бейсенбі күні Тәжікстан СІМ ресейлік ұшақтың атып түсірілуіне байланысты көңіл айту хатын жіберген. Бұл жөнінде сыртқы істер мекемесінің ресми сайтында жарияланды.

«Біз қазіргі кезеңде халықаралық деңгейде терроризммен күресіп жатқан әріптестерімізге ниеттестік танытуды маңызды деп санаймыз» делінген көңіл айту хатында.

Ресейлік әскери ұшақ Түркия әуе кеңістігіне өтіп, Түркия тарапынан бірнеше рет ескерту жасалынып, елемеген соң атып түсірілген. Мәскеу болса, ұшақ Түркияның әуе кеңістігін бұзбады деп санайды.

XS
SM
MD
LG