Ссылки доступа

Араб Әмірлігінде жалаңаш суретін жариялағаны үшін өзбекстандық әйел тұтқындалды


Біріккен Араб Әмірлігіндегі Шарж қаласында Өзбекстан азаматшасы әлеуметтік желіге жалаңаштанған суреттерін салғаны үшін ұсталған.

35 жастағы шетел азаматшасын әлеуметтік желіге мониторинг жүргізетін полиция бөлімі құрықтаған.

Өзбекстан азаматшасына ірі көлемде айыппұл салуы мүмкін немесе бірнеше айға бас бостандығынан айыруы мүмкін деп жазады Khaleej Times.

Аталған басылымның жазуынша, Араб Эмиратында тұратын өзбекстандық Instagram және Snapchat мессенджеріне жалаңаштанған суреттерін үздіксіз салып отырған. Оның 150 мың жазылушылары болған.

XS
SM
MD
LG