Әжесі Мехриннисо Назарова көп қабатты үйдің бірінші қабатында пәтер жалдап тұрып жатқанын, бірақ өздерін прокуратура өкілдері деп таныстырған адамдар үйді тұруға жарамайды деп, үйді босатуды сұрағанын айтады. Оның сөзінше, қазір олар туыстарының жалға алған үйінде тұрып жатыр.
"Биліктің оларды күштеп шығаруға хақы бар, бірақ мынадай жағдайда аяушылық білдіруге болатын еді ғой" дейді Назаровтар отбасының адвокаты Ольга Цейтлинге сілтеме жасаған "Коммерсантъ" басылымы.
Тәжік мигранты Зарина Юнусованың бес айлық сәбиі Умарали 15 қазанда, шешесі миграциялық заңды бұзды деген айыппен абақтыға қамалғаннан бір күннен соң қайтыс болған. Юнусова полицейлер өзін қамауға алғанда сәбиін бөлек алып кетіп, бес сағаттан соң босатқанға дейін қайтармағанын айтады. Сәбидің ата-анасы полиция өздеріне баласының "тыныс алу жолдары ауырып ауруханаға жеткізілгенін" айтқан.
Бұл Ресейдегі тәжік мигранттары мен құқық қорғау ұйымдарының наразылығын тудырған.