Femida.az қайтыс болған полицейдің аты-жөні Вюгар Насибов деп хабарлайды. Насибов ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында полиция майоры және жедел іздестіруші болып жұмыс істеген.
Үйленген, артында екі баласы қалды. Марқұмның денесін құрметті азаматтарды жерлейтін Аллеяға қояды деп хабарланды.
Әзербайжан ІІМ оқиға кезінде алты адам (екеуі полиция қызметкері, төртеуі қатардағы азамат) қайтыс болғанын айтады. Полицияның болжамынша, олар атақты ислам теологы Тале Багирзадені ұстамақ болған, бірақ оның жақтастары полицияға қарсы оқ атқан.
Полиция оларға шариғат заңымен жүретін ислам мемлекетін орнатпақшы болған радикалды ислам қозғалысын қаржылындырып келді деп айып тағады.