Ссылки доступа

Қазақстан ауыр атлеттері Хьюстонда үш медаль алды


​АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 94 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Алмас Өтешов қоссайыста 402 килограмм (жұлқа көтеруде 172 келі және серпе көтеруде - 230 келі) көтеріп, күміс медаль иеленді.

Ал 2014 жылы осы салмақта әлем чемпионы атанған Жасұлан Қыдырбаев 399 килограмм (178+221) көтеріп, қола жүлдегер атанды.

Алтын медальды қоссайыс қортындысында 405 килограмм (175+230) көтерген Беларус спортшысы Вадим Стрельцов жеңіп алды.

Әйелдер арасында 69 килограмм салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасынан Жазира Жаппарқұл күміс медаль иеленді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 256 килограмм (116+140) салмақ көтерген. Қытай атлеті Сян Яньмэй 263 килограммен (120+143) әлем чемпионы атанды. Қола жүлде 253 килограмм (116+137) көтерген ресейлік Анастасия Романоваға бұйырды. Осы салмақта сынға түскен Лондон олимпиадасының чемпионы қазақстандық Мая Манеза 10-орын алды. Манеза Лондонда 63 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түскен еді.

Осыған дейін Хьюстондағы әлем чемпионатында 77 килограмда қазақстандық Нижат Рахимов алтын жеңіп алған еді. Ауыр атлетикадан биылғы әлем чемпионаты 29 қарашада аяқталады.

XS
SM
MD
LG