Қазақстанның әділет министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайым елде әртүрлі конфессия бойынша теологтар тапшылығы байқалатынын айтып, ал жоғары білікті мамандар «саусақпен санарлық» деп атап өтті.
Әділет министрлігі жанындағы Сот сараптама орталығының директоры Исидор Борчашвилидің сөзінше, соңғы үш жылда екі мыңға жуық діни сараптама жүргізген. Сарапшылар экстремистік топ құру, терроризм актісі және оны насихаттауға қатысты қылмыстық істің материалдарын қараған.