Ссылки доступа

Бішкекте дінтанушы Кадыр Маликовке қастандық жасағандардың адамдары ұсталды


Қырғызстанда дінтанушы Кадыр Маликовке қастандық жасаушылардың жандайшаптары тұтқындалды. Осылай деп Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың мәліметінше, танымал теолог Маликовке шабуыл жасағандар «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының жақтастары. Атап айтқанда, қастандық жасағандар — Алибек Тилек уулу, 1987 жылы туған және Ырыскул Бейшеналиев 1986 жылы туған.

Соңғы ақпарат бойынша, жоғарыда аталған адамдар 27 қарашада Қазақстанға өтіп, сол жақтан Түркияға ұшып кеткен.

Қылмыстық топтың мүшелеріне ҚР ІІМ тарапынан халықаралық іздеу жарияланған.

Оперативті іздеу шарасы кезінде Б. Р. Н. және Ш. А. А. деген азаматтар ұсталған.

29 қарашада олардың тұратын жерлерін тінту кезінде экстремистік пиғылдағы әдебиеттер, суық қарулар мен оқ-дәрілер тапқан.

ІІМ мен ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсталғандардың Бішкектің Октябрь ішкі істер департаментінің учаскелік милиционердің өліміне қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

XS
SM
MD
LG