Ссылки доступа

Путин мен Эрдоган Парижде ғимарат залында жекпе-жек ұйымдастырды


Эрдоган Путиннің Түркия мұнайды ИМ террористік ұйымынан сатып алады деген сөздерін "қабылдауға келмейтін, адамгершілікке жат" деп есептеп, айыбын дәлелдейтін құжатты көрсетуін талап етті.

Парижде баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде Ресей президенті Владимир Путин ресейлік Су-24 ұшағын атып түсіруі"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының Түркияға мұнай жеткізуімен тікелей байланысты екенін айтқан.

Путиннің сөздеріне түсініктеме берген Түркия президенті Реджеп Эрдоган егер Түркияның "Ислам мемлекетінен" мұнай сатып алатыны рас болса, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді.

Путин болса өз сөзінде Түркиямен қарым-қатынасының күрт нашарлап кеткеніне өкінішін білдірді. Ал Эрдоган ресейлік санкцияға бірден "эмоцияналды" әрекет етпейтінін мәлімдеді. Ол: "Тіптен жіптің кішкентай бөлігіндей байланыс қалса, біз оны толығымын үзгіміз келмейді",- деді.

Соған қарамастан Түркия елдерінің әуе кеңістігін бұзған ұшақты атып түсіргендері үшін кешірім сұрамайтынын қайталап айтты.

XS
SM
MD
LG