Ссылки доступа

Қазақстан ДСҰ-ға мүше болды


Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) Қазақстанның ұйымға 162-мүше болып енгенін жариялады.

Қазақстан ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөзді 1996 жылдың қаңтарында бастаған. Содан бері интеграцияның тиімділігіне қатысты әр жылдары қилы пікірлер айтылып, келіссөз процесі бірде баяу, бірде қарқынды жүрген. Оған Қазақстанның Ресеймен бірге Еуразия экономикалық одағына енуі де әсер еткен.

Қазақстанның ДСҰ-ға қосылатыны туралы құжатты ұйымның бас кеңесі 22 маусымда бекіткен.

XS
SM
MD
LG