Тергеу ісі бойынша, үстіміздегі жылдың қаңтар айында Эсонтурдиев пен Эшкобилов интернет арқылы ИМ лагерінде жүрген бұрынғы отандастарымен хабарласады. Содыр оларға Сирияға Қырғызстан мен Түркия арқылы барудың жолын көрсетеді. Алайда екеуі жолға шыққанда ұсталған.
Екеуі сот алдында істеген әрекеттеріне өкінетінін мойындаған соң және отбасылық жағдайларына байланысты бостандыққа шыққан.
Бұл ИМ-ге қатысты Өзбекстанда соттың бірінші ақтау шешімі.