Ақпаратқа сәйкес, ол биыл наурыз айында Мәскеу қаласында ұсталған. Тергеу ісінің мәліметі бойынша, Нурек тұрғыны Түркия арқылы Сирияға барып, содырлар арасында болған.
Ресейде миллионнан астам Тәжікстан азаматы бар. Тәжік билігінің мәліметінше, бес жүзден астам Тәжікстан азаматы Сирияда, Иракта ИМ құрамында соғысып жүр, олардың бәрі Ресейге жұмыс іздеп барғандар.