Керри мәлімдемесін 2 желтоқсанда Черногория НАТО-ға ресми шақырылғаннан кейін жасады.
Ресей билігі бұл шешімге теріс баға берді. Мәскеу Черногория НАТО құрамына кірген жағдайда, барлық бірлескен бағдарламадан бас тартатынын айтқан. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «НАТО-ның жалғастырып жатқан экспансиясына Ресейдің жауап ретінде қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуі мүмкін емес» деді.