Ссылки доступа

Қырғыз-ресей үкіметаралық комиссия ГЭС құрылысын талқылап жатыр


Қырғыз жерінде ГЭС салу мәселесін қырғыз-ресей үкіметаралық комиссия жабық есік жағдайында талқылап жатыр.

Бүгін Бішкекте екі ел үкімет мүшелерінің сауда-экономика, ғылыми-техника және гуманитарлы ынтымақтастық жөнінде отырысы өтуде.

Күн тәртібінде энергетика, мұнай-газ, өндіріс, транспорт, көлік және бұқаралық байланыс т.б. салаларға қатысты мәселелер бар.

Отырыс Қырғыз премьер-министрі Темир Сариевтің және Ресей Федералды кеден қызметінің басшысы Андрей Бельяниновтің төрағалық етуімен өтіп жатыр.

Алдын Қырғыз вице-премьері Валерий Диль «РусГидро» Жоғарғынарын сарқырамасынан Гидроэлектр станциясының (ГЭС) құрылысын қаржыландыруға қатысты міндетін орындамай отыр деп мәлімдеген болатын.

Жоғарғынарын сарқырамасындағы ГЭС құрылысын қырғыздың «Электр станциясы» мен ресейлік «Русгидро» салып жатыр. Жобаны толығымен Ресей қаржыландырады.

XS
SM
MD
LG