Ссылки доступа

ИМ тарапынан өлтірілген «ресейлік тыңшы» Қадыровтан көмек сұраған


«Ислам мемлекеті» террористік ұйымы таратқан жаңа видеода өлтірілген расында ресейлік Магомед Хасиев болған.

Ол Ресейде туып, өскен. Тоғыз жасынан жетім қалған. Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтан көмек сұраған. Бірақ жауапсыз қалған. Ол 2014 жылдың шілде айында Ресей Федералды барлау қызметі тарапынан есірткі тасымалдауға қатысы бар деген күдікпен ұсталған. Осыдан кейін барлау қызметі оны бостандыққа шығу үшін Сирияға тыңшы ретінде жіберіп, ол жақтан ИМ құрамында соғысып жатқан ресейліктер туралы ақпарат жіберіп тұруға тапсырған.

Видеода Хасиев ИМ құрамына Түркия арқылы жіберілгенін айтады. Ол жақтан барлау қызметіне Сирияға кімдердің жіберілетіні жайында ақпарат жіберіп тұрған. Соңғы рет ол медициналық студент жайында ақпарат берген. Мүмкін бұл Ставрополь мемлекеттік медициналық академия студенттері Султан Яхьева пен Магомед Алиевке қатысты болуы мүмкін. Олар 2014 жылдың қараша айында ұсталып, биыл 1 желтоқсанда сотталған.

XS
SM
MD
LG