Полиция қаза тапқан екі күдіктінің кімдер екенін анықтаған. Олар — 28 жастағы жергілікті тұрғын Саед Фарук және 27 жастағы Ташфин Малик. Өздерінде көп қару-жарақ болғаны айтылады.
Reuters келтірген мәліметке сәйкес, Саед Фарук мүгедектер орталығында болатын кездесуде қатысушы ретінде тіркелген. Ол сол жерде адамдарға қарсы ашық оқ жаудырған.
Шабуыл жасағандар саны үшеу деп хабарланады. Үшіншісі іздестіру үстінде. Федералды барлау бюросы оқиғаның теракті екенін жоққа шығармайды. Алайда, оқиға әлі зерттелуде.