Ссылки доступа

Қырғызстан ЮНЕСКО тізіміне «Көк бөрі» мен «Айтысты» ұсынды


Қырғызстан ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне «Көк бөрі» ат спорты ойыны мен импровизациялық «Айтыс» өнерін ұсынды. Бұл жөнінде Қырғызстанның ЮНЕСКО жөніндегі Ұлттық комиссиясының хатшылығы мәлімдеді.

«Айтыш. Айтыс» номинациясын Қырғызстан мен Қазақстан бірлесіп ұсынған.

Еске сала кетейік, 30 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Виндхук қаласында (Намибия) ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комиссияның оныншы сессиясы өтіп жатыр.

Биылғы жылы комитет жедел қорғауды қажет ететін 8 номинацияны қарайды. Сонымен бірге ұсынылған 35 номинацияны тізімге алуды талқылайды.

XS
SM
MD
LG