Федералды барлау бюросының Лос-Андежелестегі директорының орынбасары Саид Фаруктың АҚШ азаматы екенін, көптеген халықаралық сапар жасағанын, 2014 жылдың шілдесінде Ташфин Маликпен бірге АҚШ-қа оралғанын айтады. Олардың мақсаттары — атыс ұйымдастыру болған.
Сан-Бернардино полиция басшысы қаскүнемдер 65-тен 75-ке дейін оқ атқан, қара түсті киім киінген, жақсы қаруланған дейді.
Фаруктың үйіне тінту жүргізген кезде, 3 мыңға жуық оқ, 12 қолдан жасалған жарылғыш зат тапқан.
Нәтижесінде мүгедектер орталығында 14 адам қаза тауып, 21 адам жараланған. ФББ мұның террористік акті екенін жоққа шығармайды.