Ссылки доступа

Түркітілдес елдер парламентариясы Су-24 ұшағы төңірегінде сөз қозғамады


Астанада 3 желтоқсанда түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясының халықаралық конференциясы өтті.

Оған Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия елдерінің өкілдері қатысты. Дәл осы күні Ресей президенті Владимир Путин және Түркия президенті Реджеп Эрдоган бір-бірлеріне жаңа айыптаулар тағып жатты. Ал «Ұлы дала жеріндегі мемлекеттілік және парламентаризм» деген атпен өтіп жатқан конференцияда бұл тақырып ашық қозғалмады.

Халықаралық түрік академиясының президенті Дархан Қыдырәлі бұл конференцияның аясы ғылыми екенін айтады. Ал Түркияның «Ұлы ұлттық жиын» төрағасының орынбасары Айдын Ахметтің сөзінше, жұма күні жалғасатын сессияда да ресей-түрік мәселесі қаралмайды.

XS
SM
MD
LG