Ссылки доступа

Қырғызстан ФИФА-ның қараша айындағы рейтінгісінде 108-орынға көтерілді


ФИФА-ның қараша айындағы рейтінгісінде Қырғызстанның футболдан ұлттық құрама командасы 16-позицияға көтеріліп, 108-орынға шыққан.

Бұл жөнінде ФИФА-ның ресми сайтында жарияланды. Шілде, тамыз, қыркүйек және қараша айларындағы рейтінгіде Қырғызстан 155, 156, 146 және 124-қатарда болған

«Бұл Қырғызстанның ұлттық құрамасы тарихындағы ең үздік нәтиже» деп хабарлады футбол федерациясы.

Рейтінгінің алғашқы бестігінде Бельгия, Аргентина, Испания, Германия және Чили бар. ТМД елдері ішінде ең жақсы көрсеткіш Ресейде – 24 орын, Украина — 29 орын, әрі қарай Беларусь (67), Өзбекстан (74), Эстония (93), Латвия (101), Әзербайжан (117), Түркіменстан (119), Грузия (122), Армения (123), Литва (126), Қазақстан (129), Тәжікстан (148) және Молдова (155) орында.

XS
SM
MD
LG