Ссылки доступа

Мәскеу билігі оппозицияға «Өзгерістер жорығы» митингісін өткізуге рұқсат бермеді


Мәскеу билігі оппозицияға 12 желтоқсан – Конституция күнінде «Өзгерістер жорығы» деген атпен наразылық акциясын өткізуге рұқсат бермеді.

Бұл жөнінде «Интерфаксқа» «Наразылық әрекет комитетінің» мүшесі, журналист Александр Рыклин мәлімдеген.

Митингі өткізуге Пушкин алаңынан Сахаров даңғылына дейінгі жерді сұраған оппозиция мүшелері 1 желтоқсан күні тапсырған өтініштерінде 30 мың адам қатысады деген.

Билік оппозицияға митингі өткізетін балама жер ұсынбаған. Митингіні өткіземіз дегендер билік біздің конституциялық құқығымызды бұзып отыр дейді. Ал Мәскеу мэрі оппозицияның өтінішіне әлі түсініктеме бермеді.

XS
SM
MD
LG